Астанада балабақша орналасқан үйдегі өрттен 1 бала қаза тапты

Астанада жертөлесі өртеніп, бір бала қайтыс болған, бір жағында жекеменшік балабақша орналасқан үй. Астана, 3 наурыз 2015 жыл.

Бүгін Астанада "Оңтүстік-шығыс" ықшамауданының Жанарыс көшесіндегі жекеменшік балабақша орналасқан ғимараттан өрт шығып, бір бала көз жұмды.

Астана қалалық ішкі істер департаменті Азаттыққа тек өрттен 2009 жылы туған бір бала көз жұмғанын айтып, оқиғаға қатысты толық ақпаратты бірер сағаттан соң беретіндерін хабарлады.

Өрт болған ғимарат аумағында тұратын Осман Смайылов есімді тұрғынның айтуынша, өрт таңертең бір жағында мерекелік іс-шаралар өткізуге арналған кеңсе, бір жағында балабақша орналасқан екі қабатты үйдің жертөлесінде шыққан. "Өрт үйдің жертөлесінде шықты. Ол жерді бір отбасы жалға алып тұрып жатқан. Сол сүйдің бес жасар баласын жедел жәрдем көлігімен әкеткенін көрдім" дейді Смайылов.