Қазақстандық 15 жастағы мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева 4 наурызда Таллинде (Эстония) басталатын жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысады.
Тұрсынбаева 2015 жылы Қазақстан чемпионы атанды.
Оған дейін Аичиде (Жапония) өткен жасөспірімдер арасындағы әлемдік гран-при жарысында қола, қазанда Дрезденде өткен гран-приде күміс медаль алды. Бұдан бөлек спортшы биыл Summer Skate Canada (Торонто), Triglaf Trophy (Словения), Gardena Spring Trophy (Италия) және New Years Trophy (Словакия) жарыстарында алтын жүлде алған.
Таллиндегі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 8 наурызда аяқталады.