Донецк шахтасындағы жарылыс

Your browser doesn’t support HTML5

Ресейшіл сепаратистер бақылауындағы Донецк қаласындағы Засядько атындағы шахтада бүгін таң мезгілінде жарылыс болды. Өзін-өзі жариялап алған «Донецк халық республикасы» жарылыс салдарынан 14 кенші қаза тауып, ондаған адам жер астында қалып қойғанын айтады. Жарылыстың себебі әзірше белгісіз, алдын ала болжам бойынша, кеніште газ-ауа қоспасы жарылған болуы ықтимал. 4 наурыз 2015 жыл.