ИМ Нимрудтағы тарихи орындарды қиратты

Нимрудтың тарихи орындарын тазалап жүрген жұмысшылар. 17 шілде 2001 жыл.

"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы содырлары Ирак жеріндегі ассириялық ежелгі Нимруд қаласының орнындағы тарихи ескерткіштерді бульдозермен қиратқан.

Ирактың туризм және тарихи жәдігерлер министрлігі бұл ақпаратты растады.

Осыған дейін интернетте Мосул қаласындағы тарихи ескерткіштерді Им содырларының қалай қиратқаны туралы видео жарияланған.