Латвияға АҚШ әскери техникалары жеткізілді

Грузияда бірлескен әскери жаттығуға қатысып жатқан АҚШ әскерилері. Наурыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет).

АҚШ билігінің дерегінше, Латвия астанасы Ригаға 750-ге жуық америкалық танкілер, тікұшақтар мен басқа да әскери техникалар әкелінген. Пентагон таратқан мәлімдемесінде "бұл әскери техника - Ресейдің басқыншылық саясаты күшейген тұста АҚШ-тың НАТО-дағы одақтастарына адал екенін білдіру үшін жүргізіліп жатқан "Атлантикалық батылдық" операциясының бір бөлігі" екені айтылады.

Келесі аптада аймаққа АҚШ-тың үшінші жаяу әскер дивизиясының үш мыңға тарта сарбазы келе бастайды. Жоспар бойынша олар Балтық бойында үш айдай болмақ. Сарбаздар АҚШ-тың НАТО-дағы серіктері - Эстония, Литва және Латвиямен бірлескен жаттығуларға қатысады.