Жер қиырындағы ауыл

Биллингс Чукотка түбегінің солтүстігінде орналасқан. Мұндағы ауа райы Арктиканы еске түсіреді: ызғары еттен өтіп сүйекке жететін суық желдің өтіндегі елдімекенде жүзге жуық адам мекендейді, жылдың көп мезгілінде бұл жерді тұман басып тұрады

Аудан орталығынан 400 шақырым жердегі Биллингс ауылына жаз айларында тікұшақпен, ал қыс мезгілінде қар үстіндегі жолмен жетуге болады.

Биллингстің орталық көшесі. Бір кездері бұл ауыл Валкыран деп аталған, яғни, чукот тілінде «кит азуынан тұрғызылған үй» деген ұғымды білдіреді. 18-ғасырда ауыл атауын саяхатшы Иосиф Биллингстің құрметіне өзгерткен, ол осында біраз уақыт тұрған.

Өзбекстанның Гүлстан қаласынан келген еңбек мигранты Ибрагим Биллингстегі электр станциясында дәнекерлеуші болып жұмыс істейді.

Ибрагим Қырғызстаннан келген еңбек мигранты Тұрармен бір бөлмеде тұрады. Ибрагим жердің бұл қиырына қызының ұзату тойын жасауға ақша табу үшін келген. Жылдың аяғында ол үйіне оралды.

Ас бөлмесі. Бұл жерде Ибрагим палау әзірлейді.

Ибрагим тұратын бөлмедегі жуынатын орын.

Ауылда совет заманынан қалған жылыту жүйесі әлі жұмыс істеп тұр. Биллингс тұрған жерде ауа температурасының жылдық орташа көрсеткіші -13 градусты құрайды. Тіпті жаз мезгілінің ортасында ең көп дегенде бес градус қана жылы болады.

СССР кезінен мұраға қалған жанар-жағармай құятын ыдыстар. Бұрын электр станциясы сұйық отынмен жұмыс істейтін, бірақ қазір мұнда көмірді кемемен жеткізеді.

Ауыл дүкені. Мұнда азық-түлік тауарлары қат, ал олардың бағасы аспандап тұр. Жеміс-жидек жоққа тән. Тек Орталық Азиядан әкелінген кептіріліген жеміс бар. АҚШ-тың Аляскасынан кемемен жеткізілетін картоптың бағасы ресейдікінен үш-төрт есе арзан.

Мәдениет үйі. Мұнда кейде концерт қойып, кино көрсетеді.

Чукотканың байырғы тұрғындары тұратын үй.

Милиция қызметкерлеріне ауылға ақ аю кіріп кеткені туралы хабар жетті. Биллингстен 150 километр жердегі Врангель аралынан кейде түбекке ақ аюлар келеді. Оларды атуға болмайды, сондықтан ондайда аңды үркіту үшін қарудан әуеге атып, «шақырылмаған қонақты» бұл жерден шығарып жіберуге тырысады.

Тікұшақтың келуін күтіп тұрған балалар. Қыз бала Певек қаласына дәрігерге баруға жолға шыққан.