Ресейдің Қазан қаласында "Адмирал" сауда кешенінде шыққан өрттен төрт адам қаза тапты.
Азаттықтың Орыс қызметінің хабарлауынша, өрттен үш қабатты кешеннің бір жағы қираған. Қирандылар астында ондаған адам қалып қойған деген қауіп бар. Кейбір ақпараттарға қарағанда, олардың біразы өрт шыққанда тауарларын аман алып қалу үшін ғимаратқа кіріп кеткен саудагерлер.
Өрт кезінде жараланған 20 адам ауруханада жатыр. Жергілікті билік өртті сөндіріп, адамдарды құтқаруға жергілікті өрт сөндіру қызметкерлерін ғана емес, ішкі істер министрлігінің сарбаздарын да жұмылдырып жатыр.
Өрт наурыздың 11-і күні түнде өшірілген.