«Рахат Әлиевті Венадағы зиратқа жерледі» деп хабарлады бірнеше жыл бұрын Қазақстаннан Еуропаға қоныс аударған «Республика» порталының шеф-редакторы, журналист Ирина Петрушова және режиссер Болат Атабаев Facebook желісіндегі аккаунтында.
«Табыттың беті жабық болған – жақында ғана мұсылмандық рәсіммен жерлеген деп айтты, марқұмның отбасы да сол кезде қоштасты, мұнан соң табытты дәнекерлеп, ақым ретінде жерлеген» деп жазды Петрушова аккаунтында.
Оның жазбасында жерлеу рәсімінен суреттер де бар.
Болат Атабаевтың жазуынша, жерлеу рәсіміне Рахат Әлиевтің ұлдары – Нұрәлі және Айсұлтан қатысқан.
Қазақстан президентінің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев Австрия түрмесінде ақпан айының соңында өлі күйінде табылған болатын. Ресми болжам бойынша, ол «өз-өзіне қол жұмсаған».
Бұған дейін Австрия прокуратурасы Рахат Әлиев мәйітінен алынған қанға жасалған сараптаманың нәтижесін жариялап, оның қанында Австрияда тыйым салынған барбитурат іздері табылғанын хабарлаған еді.
Барбитурат - адамды тыныштандыратын дәрі-дәрмек түрі.