Ирактың Тикрит қаласында әскери қимылдар кезінде бұрынғы президент Саддам Хусейннің мазары толықтай қирады.
Associated Press агенттігіне түскен видеода Тикрит маңындағы Әл-Авиджа елді мекеніндегі Саддам Хусейн кесенесінің тек бетон бағаналары ғана қалғаны көрінеді.
Үкімет әскері мен шииттік көтерілісшілер Тикриттен "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының содырларын ығыстырып шығаруға күш салып жатыр. Кейбір ақпараратқа қарағанда, қаланың бірнеше ауданында содырлар қоршауға алынған.
16 наурызда Ирак ішкі істер министрлігі бейбіт тұрғындар қаладан шығып кетіп, жолдарды минадан тазалау үшін шабуыл тоқтатыла тұратыны айтылған.