Қазақстандық кәсіпқой боксшы Генадий Головкин WBA (Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы) шешімімен ақпан айының үздік боксшысы болып танылды.
Головкин 22 ақпанда Монакода ұлыбританиялық Мартин Мюррейді айқын басымдылықпен жеңіп, орта салмақта (73 кг) WBA, IBO және WBC версиясы бойынша әлем чемпионы атағын сақтап қалған еді.
Енді Головкин мамырдың 16-сы күні АҚШ-тың Калифорния штатындағы Инглвуд қаласында америкалық Вилли Монромен 33-кездесуін өткізеді.