Қазақстан жұртшылығы бүгін Наурыз мейрамын тойлауды бастап кетті.
Жылдағы дәстүрге сай, биыл да барлық аймақтарда елдімекендерде мерекелік көпшілік шаралар өтеді: ұлттық тағамдар әзірленіп, әртүрлі концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады. Киіз үй, алтыбақандар тігіліп, ұлттық ас түрлері әзірленеді. Жұрт жаңа жылмен құттықтап, игі тілектер айтып бір-бірінікіне қонаққа барады.
Табиғаттың жандануымен бірге келетін жыл басы болып саналатын бұл мерекені Қазақстан наурыздың 21-інен бастап үш күн қатарынан атап өтеді.
Күнтізбе бойынша, 2015 жылы мейрам күндері апта соңына дөп келгендіктен, мереке күндері туралы заңға сәйкес, ол күндер келесі апта басына ауыстырылып, Қазақстанда биыл бес күн демалыс деп жарияланған.
Қазақстанда 1926 жылы мұсылманның діни мейрамы ретінде тыйым салынған Наурыз мерекесі 1988 жылдан бастап қайта тойлана бастаған.
2010 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы наурыздың 21-ін Халықаралық Наурыз күні деп белгілеген.