ОСК 6 адамды кандидаттыққа тіркеуден бас тартты

ОСК баспасөз орталығы. Астана. 12 наурыз, 2015 жыл.

Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) бүгінгі отырысында Якобжан Жүнісбековті, Қайрат Маишевті, Айгүл Өтепованы және Амантай Асылбекті президенттікке тіркеуден бас тарту жөнінде шешім қабылданды.

Оның себебі ретінде аты аталған бәсекелестердің қазақ тілін еркін меңгергендігін дәлелдейтін емтиханға келмей қалғаны айтылған.

Кандидаттыққа өтініш берген тағы екі адам - Қанат Есжанов пен Біржан Ділмағамбет те қазақ тілі емтиханын тапсырудан бас тартқаны үшін кандидат ретінде тіркеле алмай қалды.

ОСК хатшысы Бақыт Мелдешовтің айтуынша, Мұхамедрайым Құрсабаев, Мэлс Елеусізов және Жақсыбай Бәзілбаев өздерінің кандидат болудан бас тартатындығын жазбаша хабарлаған.

Қазақстанда тағы да кезектен тыс өтетін президент сайлауы 26 сәуірге белгіленген.