ИМ сегіз адамның басын алған видео жариялады

"Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы содырлардың сегіз адамның басын алғаны туралы кезекті видеосын жариялады.

29 наурызда әлеуметтік желілерде жарияланған видеодағы құрбандардың төртеуі - болжам бойынша шиит мұсылмандар. Видеода ер адамдардың Сирияның орталық бөлігіндегі Хама провинциясында өлтірілгені айтылады. Видеода жасөспірім балалардың қолдары артына қайырыла байланған ер адамдарды содырларға әкеліп тапсырғаны түсірілген. Бұдан соң бір ұл бала содырларға пышақ үлестіріп береді де, содырлар тұтқындардың басын кеседі.

Видеоны тексеру әзірге мүмкін болмағанымен, британиялық Syrian Observatory for Human Rights ұйымы видеоның шынайы екенін айтады.

2014 жылдың жазында Сирия мен Ирактың біраз бөлігін басып алған "Ислам мемлекетінің" содырлары ондаған адамның басын алып, өлтірген.