Тбилисиде тарихи мұра жайлы шеру өтті

Сакдриси алтын кен орны. (Көрнекі сурет)

Грузия астанасы Тбилиси қаласында үкіметі үйі алдында наразылық шарасы өтті. Онда жиналған жүздей адам көне тарихи ескерткішті - Сакдриси-Качагиани алтын кенін сақтауды талап етті.

Наразылар бес жарым мыңдық тарихы бар жерді иеленген компания аумақты бүлдіргенін айты. Шеруге шыққандар тарихи мұраның аман қалған тұсына археологтарды жіберіп зерттетуді талап етті.