18 абақтыда дауыс беру бөлімі ашылды

Қазақстандағы түрмелердің бірі. (Көрнекі сурет).

Қазақстанда 18 тергеу абақтысында жабық дауыс беру бөлімшесі ашылды деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (ҚАЖК) сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

ҚАЖК бұл бөлімшелерде кезектен тыс президент сайлауында тергеудегі және соты жүріп жатқан азаматтар дауыс бере алатынын айтады.

Алдын-ала есеп бойынша, дауыс беруге тергеу абақтысында жатқан үш мыңнан астам адам қатыса алады.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 26 сәуірге белгіленген. Қазақстан заңдары бойынша, сайлауға сот үкімімен түрмеде жазасын өтеп жатқан азаматтар қатыса алмайды.