Қазақстан мен Ресей құрамасы тең түсті

Қазақстан мен Ресей арасындағы матчтан көрініс. Мәскеу. 1 сәуір 2015 жыл

Футболдан Қазақстан құрамасы Мәскеуде Ресеймен жолдастық матч өткізіп, 0:0 есебімен тең түсті.

Бұл матчқа Ресей құрамасының сапында негізінен жас футболшылар қатысты. Жеті футболшы Ресей құрамасындағы алғашқы ойындарын өткізді.

Ал Қазақстаннан Георгий Жуков ұлттық құрамадағы бірінші матчын ойнады.

Қазақстан мен Ресей 2008 жылы Мәскеуде жолдастық матч өткізіп, бұл ойында Ресей 6:0 есебімен жеңіске жеткен.

Ресейлік Юрий Красножан жаттықтыратын Қазақстан құрама командасы 28 наурызда Астанада Евро-2016 жарысына іріктеу турнирінде Исландиямен кездесіп, 0:3 есебімен жеңіліп қалған. Енді Қазақстан құрамасы 16 маусымда Астанада Евро-2016 жарысына іріктеу турнирінің аясында Түркиямен кездеседі