Түркия: Сирияға кетпек 9 британдық ұсталды

Түркия қауіпсіздік күштері Сирияға "заңсыз түрде кетпек болған" Ұлыбританияның тоғыз азаматын ұстағанын хабарлады. Британдықтар Түркияның Хатай провинциясына жақын Сириямен шекара түбінде ұсталған. Британдықтардың шекараны не үшін кесіп өтпек болғаны белгісіз.

Сирия мен Ирактағы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мен басқа да радикалдық топтарға қосылатын мыңдаған шетелдіктің көпшілігі Түркия шекарасынан өтеді.

Түркия бұған дейін "оңтүстік-шығыс территориясындағы шекарасын қатаң бақылай алмай отыр" деген сынға қалған. Түркия билігі болса, Еуропа елдерін "жиһадқа қосылатын" азаматтарын елден сыртқа шығармау шараларын жеткілікті түрде қамтамасыз ете алмайды деп айыптайды.