Бухенвальд тұтқындары көтерілісіне - 70 жыл

Бухенвальд концлагеріндегі темір қақпа есігіндегі жазу.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде нацистік Германия адамдарды өлтіріп, азапқа салған Бухенвальд концлагеріндегі тұтқындар көтерілісіне бүгін жетпіс жыл толды.

1945 жылы сәуірдің 11-і күні, Бухенвальд лагеріне АҚШ әскері жақын қалған кезде, «ажал лагеріндегі» тұтқындар көтеріліс ұйымдастырып, Бухенвальд концлагерін бақылауға алған. Осы оқиғаға байланысты кейін 11 сәуір – фашистік концлагерь тұтқындарын азат етудің халықаралық күні болып белгіленген.

Нацистер Германияның Тюрингия аймағында құрған Бухенвальд концлагерінде, кейбір деректер бойынша, 1937-1945 жылдар аралығында 250 мың тұтқын ұсталған. Олардың 56 мыңдайы лагерьде қаза болған. Бухенвальд азабын басынан өткергендер арасында Совет армиясында қызмет атқарған қазақстандықтар да болған.

1945 жылы тамызда Бухенвальдта СССР НКВД-сының арнайы лагері ашылып, 1950 жылдың соңында дейін онда нацистерге қызмет еткен деген күдікке ілінгендерді ұстаған.

1958 жылы нацистік концлагерь орнында «Бухенвальд» мемориалдық кешені ашылған.

Нацистік концлагерь тұтқындары туралы фотогалерея:

Нацистік концлагерь тұтқындары