Эстония НАТО тұрақты әскерін ұстауға шақырды

Эстония президенті Тоомас Хендрик Ильвес.

Эстония президенті Тоомас Хендрик Ильвес елде НАТО-ның тұрақты әскерін орналастыруға шақырды. Ильвестің британдық Daily Telegraph басылымына айтуынша, "Ресейден қауіп-қатер төнетін елдер төнетін елдер қатарында Эстония да бар".

Эстонияда қазір НАТО құрамындағы АҚШ-тың 150 сарбаздан тұратын құрлықтағы жаяу әскер ротасы ғана бар, бірақ оның өзі тұрақты емес.

Ильвес "150 сарбаз көп емес, сондықтан біздің ойымызша Эстонияда бұдан да көп әскер ұстаудың қисыны бар" деген.

Ресейдің таяуда Эстониямен шекарасында әскери жаттығулар өткізуі Еуропада "Мәскеу шекаралас елдерде тұрақсыздық орнатуға тырысуы мүмкін" деген алаңдаушылық тудырған.

НАТО осы жылдың басында бұрынғы советтік алты елде, оның ішінде Эстонияда 5 мың сарбаздан тұратын арнайы мақсаттағы жедел әрекет ету күштері мен қолбасшылық орталықтарын құруға шешім қабылдаған.

Эстония НАТО-ға 2004 жылы мүше болған.