Божко: Сайлау су басқан аймақтарда да өтеді

Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко баспасөз мәслихатында сөйлеп отыр. Астана, 14 сәуір 2015 жыл.

Су басқан елді мекендерде кезектен тыс президент сайлауына дауыс беруге барлық жағдай жасалады деп мәлімдеді бүгін ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар жөніндегі комитет төрағасы Владимир Божко.

Божко Астанада өткен брифингте төтенше жағдайлар комитеті елді мекендерде сайлауға дауыс беретін 26 сәуірде сайлау бөлімдері ашық болу үшін барлық шараны жасайтынын айтқан.

"Біз елді мекендерде сайлаудың қалыпты өтуі, дауыс берудің ыңғайлы болуы үшін барлық жағдайды жасаймыз. Біз мұндай маңызды шараның жылда болмайтынын жақсы түсінеміз. Сайлау бөлімдерін, ол аймақтардағы президенттікке кандидаттар жүргізіп жатқан барлық үгіт-насихат көрнекіліктерін сақтап қалу керек" деген Владимир Божко.

Наурыз айының соңынан бастап ауа-райының күрт жылынуынан Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан Ақмола облыстарында бірнеше елді мекенді су басып, бірнеше көпір, жолдарды су шайған. Су басқан аймақтардан мыңдаған тұрғын эвакуацияланған.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 26 сәуірде өтеді.