Шведова Боготадағы жарыстың ширек финалында

Ярослава Шведова.

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Колумбияның Богота қаласында жүлде қоры 250 мың долларды құрайтын Copa Colsanitas жарысының ширек финалына шықты.

Әлемнің 74-ракеткасы саналатын Шведова екінші раундта 19 жастағы америкалық Сачия Викериді (139-ракетка) 6:0, 6:2 есебімен жеңді. Матч 58 минутқа созылды.

Шведова бірінші раундта 21 жастағы украиналық Марина Заневсканы (әлемнің 121- ракеткасы) 6:4, 6:7, 6:2 есебімен жеңген еді. Бұл — Шведованың биылғы маусымдағы алғашқы ширек финалы.

Енді Шведова ширек финалда пуэрто-риколық Моника Пюигпен кездеседі. Екі теннисші осыған дейін екі рет кездесіп, екеуінде де қазақстандық жеңіске жеткен.

Колумбиядағы жарыстың финалы 19 сәуірде өтеді.