Шымкентте жүгіруден бұқаралық жарыс өтті

Шымкенттегі бұқаралық жүгіру жарысына қатысушылар. 19 сәуір 2015 жыл.

Шымкентте бүгін бұқаралық жүгіруден жарыс өтті. Салауатты өмір салты мен бұқаралық спортты насхаттау мақсатын көздейтін шараны қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған.

Таңғы сағат тоғыздан басталған жарысқа, ұйымдастырушылардың дерегі бойынша, алты жастан 66 жасқа дейінгі мың жарымға жуық адам қатысқан.

Олар қаладағы Қонаев көшесінен Ордабасы алаңына дейін бес шақырым қашықтықты жүгіріп өтті.

Мәреге алғашқы болып келгендер жас ерекшелігіне қарай сыйлықтармен марапатталды.

Шымкентте жыл сайын бұқаралық спортты насихаттау мақсатында көпшіліктің қатысумен марафон өткізіліп тұрады.