Тайваньда 6,8 магнитудалы жер сілкінісі болды

Сәуірдің 20-сы күні Тайванның шығыс жағалауында 6,8 магнитудалы жер сілкінісі болды.

Зілзала дүмпуінен Тайвань астанасы Тайпейде ғимараттар шайқалды. Жапонияда Окинава аралының оңтүстігінде дүмпуге байланысты цунами тұруы мүмкін деп дабыл берілгенімен, кейін "қауіп жоқ" деп жарияланды.

Тайванның Орталық ауа-райы бюросының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Тайвань жағалауларынан 75 километр қашықтықта тіркелген.