Сомали қауіпсіздік қызметінің мәлімдеуінше, елдің солтүстік-батысындағы Гароуэ қаласында БҰҰ миссиясының автобусын жойып жіберген жарылыстан кемінде алты адам қаза тапты. Қауіпсіздік қызметінің өкілі Абдуллахи Мохамедтің сөзіне қарағанда, жергілікті билік "БҰҰ-ның алты қызметкері қаза тапқанын" растаған.
Reuters агенттігінің өзге полиция қызметкеріне сілтеме жасап хабарлауынша, шабуылдан кемінде тоғыз адам - екі Кения азаматы мен сомалилік жеті күзет қызметкері қаза тапқын.
БҰҰ қызметкерлерін таситын автобусқа шабуыл жасалғаны, әлде көлікке бомба қойылғаны әзірге белгісіз болып тұр. Әзірге аймақта әрекет ететін бір де бір топ шабуылға жауапкершілікті мойнына алған жоқ.
Сомли территориясында батыс қолдайтын үкіметті құлатып, "ислам мемлекетін" орнатқысы келетін экстремистік "әл-Шабаб" тобы бұл елде жиі теракті ұйымдастырады.
Өткен аптада "әл-Шабаб" содырлары Сомали астанасы Могадишодағы үкімет ғимаратына шабуылдап, 10 адам қаза тапқан.