Алматыдағы жаңадан салынып жатқан көпір құрылысында болған апат орнынан қаза тапқан жұмысшының денесі табылған деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.
«1955 жылы туған ер адамды сенбі күні сағат 17.15 кезінде үйінді астынан тапқан» деп хабарлаған қаладағы төтенше қызметтердің бірінен.
Бұған дейін көпір құрылысын жүргізіп жатқан бас мердігер «Базис» компаниясы құрылыстың негізгі тіреуіштерінің барлығына зардап келмегені туралы мәлімдеген. Сонымен бірге «Базис» құрылыс компаниясы қазір ауруханада жатқан 11 жұмысшымен байланысып отырғанын, олардың емделуіне керекті қаржыны да өз мойнына алатынын хабарлаған.
Сәуірдің 24-і күні Алматыдағы Рысқұлов даңғылының Ахрименко көшесімен қиылысында салынып жатқан көпір құрылысының бір бөлігі құлап, 19 адам ауруханаға түскені хабарланған. Қазір арнайы комиссия апаттың мән-жайын анықтап жатыр.
Апат орнынан Азаттық әзірлеген фотогалерея: