Ташкенттегі қазақтардың тойы
21 жастағы қалыңдық Аякөз Бимырзаева ұзатылар күні Ғазалкенттегі мейрамхана алдында құрбыларымен бірге тұр. Оны болашақ жұбайы, 27 жастағы Қуаныш Өтесиевпен туыстары таныстырып, құдалыққа жүрген.
Балалар қалыңдық пен күйеу бала кесуі тиіс таспаны ұстап тұр. Әуелі жігіт кесуі керек. Мамандығы медбике Аякөз ұзатылар алдында құрбыларымен және әріптестерімен қоштасуы тиіс.
Аяккөздің әжесі Құндыз апа жастарға батасын беріп, көңілі босап жылап жіберді. Аякөздің әкесі, Құндыз апаның тұңғыш ұлы қызының тойын көре алмай 47 жасында көз жұмған.
Қазақтардың тойында асаба көп адамға сөз береді. Көршілері, туыстары мен әріптестері жастарға тілек білдіріп, бақыт тілейді. Бірақ әуелі ең сыйлы қарттар бата береді.
Тойдың орта шенінде би қызады. Қалыңдық бұл кеште көп биледі.
Жас жұбайларды суретке түсіруге құмар жұрт көп болды. Жуықта пайда болған бұл іс дәстүрге айналып үлгерген.
Аякөз пен Қуаныштың тойдағы тортты бір-біріне жегізуін жаңа заманның жаңалығы деуге болады.
Енді күйеу бала қалыңдығын үйіне ұзатып әкетуі керек. Қарамазар деген ауылда тұратын Аякөздің туыстары ұзату тойын Ғазалкенттегі жалға алған мейрамханада жасаған.
Қыз ұзату тойынан шыққан Аякөз үйіне келіп, киімін ауыстырып киіп жатыр. Ол бақыттан бал-бұл жанып жүрді. Аякөз бен Қуанышты туыстары биыл қыста таныстырған екен. Олар төрт ай бойы бірі-бірімен телефонмен тілдесіп жүрген. Аякөз Қуанышты бірнеше айдан бері ғана танығанымен ұнатып қалғанын айтады.
Аякөз Қуаныштың үйіне келін болып баратын тойына ерте дайындалды. Ол таң ата Ғазалкентке барып, шашын жөндетіп, бетін әрлетті. Тойға қалыңдық қана емес оның туыстары да дайындалып жатыр. Солардың бірі, Аякөздің мына сіңілісі де тойға әзірленіп жүр.
Қазақтардың үйлерінде тұратын мұндай құрақ көрпелер қалыңдықтың жасауына да беріледі.
Аякөз құрбыларымен қоштасып тұр.
Қуаныш пен достары Аякөзді ұзатып әкетуге Қарамазар ауылына келіп тұр.
Көз тигеннен сақтайды деп ырым ететін әйелдер шөп тұтатып жатыр. Күйеу бала оны сумен өшіруі керек.
Әйелдер Аякөзбен қоштасып отыр.
Аякөздің ағасы қарындасын машинаға көтеріп апара жатыр.
Аякөздің немере туыстарының бірі оны қимай жылап отыр.
Әйелдер беташар рәсімінен бұрын Аякөзге екі шелпек ұстатты.
Аякөз әуелі сый-сыяпат әкелген қонақтарға сәлем салды. Одан кейін енесі бетін ашты. Тойдан соң Аякөздің жанында отырған жеңгелері мен абысындары оның жанында қалады. Олар келіннің "көрпе қимылдатар" рәсімін атқарады.
Тойдағы шампан құйылған бокалдар.