Облыс әкімдері түгел қызметінде қалды

Қазақстан картасы. (Көрнекі сурет).

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қайта сайлануына байланысты өкілеттіктері тоқтаған 14 облыстың әкімдері түгел қызметінде қалды. ҚазАқпараттың хабарлауынша, облыстық мәслихат депутаттары өкілеттіктері тоқтатылғанға дейін қызметте болған облыс әкімдерінің кандидатурасын толықтай қолдаған.

Бұған қоса бүгін Астана мен Алматы қалаларының әкімдері Әділбек Жақсыбеков пен Ахметжан Есімов те лауазымды қызметтерін сақтап қалған.

Қазақстан заңдары бойынша, жаңадан я қайтадан сайланған президент қызметіне кіріскен соң үкімет пен облыс және Астана мен Алматы әкімдері отставкаға кетеді. 30 сәуірде Назарбаев үкіметтің жаңа құрамын бекіту туралы жарлыққа қол қойған. Ол бойынша үкіметтегі министрлер мен премьердің орынбасарлары түгел қызметін сақтап қалды.