Алматыдан шығысқа қарай 209 километр қашықтықта қуаттылығы 4,4 магнитуданы құрайтын жер сілкінді деп хабарлайды білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибелік-зертханалық орталығы.
Жерасты дүмпуі 6 мамыр күні Астана уақытымен сағат 3:51-де тіркелген. Жір сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында болған. Дүмпу жердің 25 километр тереңдігінен шыққан.
Жерасты дүмпуінің Алматы облысына сезілгені туралы ақпарат жоқ.
2 мамыр күні Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 540 километр қашықтықта қуаттылығы 4,8 магнитудаға жететін жер сілкінісі болған.