Астанада бүгін Жеңіс күніне арналған Қазақстанның өз лентасы таратыла бастады.
Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, лента таратудағы басты мақсат - "қазіргі және болашақ ұрпаққа Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік туралы естеліктерді, елді құтқару үшін өз өмірін тіккендерді есте сақтап қалу" оболып саналады. Лентаның түсі аспан түстес көк, ортасында сары түсті ою бейнеленген, ұзындығы 30, ені 3 сантиметр. Лентаның шетінде Отан соғысының ордені бейнеленген.
Жеңіс лентасы Астанада "Хан-Шатыр" және "Керуен" сауда ойын-сауық орталықтарында 8 мамырға дейін таратылмақ.
Қазақстанда соңғы айларда жеңіс күні таратылатын Георгий лентасына қатысты дау көбейген. Кейбір белсенділер "Ресей империясы мен советтік кезеңнің әскери символы болған" әулие Георгий лентасының орнына көк түсті лента тағып шығуды ұсынған. Георгий лентасына қарсылар бұрын лента "Ресейде отарлау ісіне еңбегі сіңгендерге берілгендіктен" және Ресей Қырымды тартып алып, Шығыс Украинадағы жанжалға киліккенде сепаратистер қолданғандықтан Қазақстанда оны тағудың жөні жоқ деп санайды.