Мәскеуде бүгін 300 мыңнан аса адам Жеңіс күніне орай өткізілген «Ажалсыздар полкы» акциясына қатысты.Бұл туралы шараны ұйымдастырушылар хабарлаған. Шеруге шыққандар қолдарына екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан туыстарының суреттерін ұстап шыққан. Демонстранттар колоннасымен бірге Қызыл алаңмен Ресей президенті Владимир Путин де жүріп өткен. Ол әкесінің портретін ұстап жүрген.
«Ажалсыз полк» акциясы тұңғыш рет Ресейдің Томск қаласында 2012 жылы өткен. Биыл бұл жалпыресейлік сипат алып, бүкіл Ресей аумағында, сонымен бірге Қазақстан және ТМД-ның бірқатар елдерінде де ұйымдастырылды.
Бұның алдында, бүгін Мәскеу Қызыл алаңында әскери парад өтті. Әскери парадтар мен мерекелік шерулер бүгін Ресейдің көптеген қалаларында өткізілді.
Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысуға 20-дан аса мемлекет басшылары – негізінен ТМД елдерінен, Азия, Африка және Латын Америкасынан келді. Әлемдік көптеген басшылар Украинаның шығысындағы жанжалдағы роліне байланысты Ресейдегі салтанатқа қатысудан бас тартқан.
«Ресей Шығыс Украинадағы сепаратистерге қолдау көрсетіп, Украина жеріне әскерилерін жіберіп отыр» деген Киев пен Батыс елдерінің айыптауларын Мәскеу жоққа шығарып келеді.