Пикассоның картинасы рекордтық бағаға сатылды

Пабло Пикассоның "Алжирлік әйелдер" картинасының 0-нұсқасы.

Испан суретшісі, мүсінші Пабло Пикассоның "Алжирлік әйелдер" картинасының 0-нұсқасы Нью-Йорктегі Christie's аукционында өнер туындысы тарихындағы ең қымбат бағаға - 179 миллион 400 мың АҚШ долларына сатылды.

Пикассоның 1954 жылдың соңы мен 1955 жылдың басында салған картинасы аты-жөнін құпия ұстаған адамға сатылды. Картинаны сатқан лондондық диллер оны бұдан 18 жыл бұрын 31 миллион 900 мың долларға сатып алған. Бұған дейінгі рекордтық жоғары бағаға сатылған картина ағылшын суретшісі Фрэнсис Бэйконның "Льюсен Фрейд кескінінің үш нобайы" деп аталатын картинасы болған. Ол бұдан екі жыл бұрын 142 миллион 40 мың долларға сатылған еді.

"Алжирлік әйелдер" картинасының 0-нұсқасы - 15 кенеп матаға салынған, әрқайсысы алфабит әрпімен белгіленген сериялық картиналардың бірі. Картиналар сериясын Пикассо Парижде Делакруаның 120 жыл бұрын салынған картиналарының желісі бойынша салған. Бұл картинада Пикассо өзінің сүйіктісі, француз суретшісі Мари Франсуаза Жилоны бейнелеген деп саналады.

Алғашқыда картинаның бастапқы бағасы 140 миллион доллар деп бағаланған. Сарапшылардың пікірінше, танымал суретшілер жұмыстарының соңғы уақыттары тым жоғары бағаға сатыла бастауы өнер туындыларының инвестиция құятын салаға айнала бастағанын көрсетеді.