БАҚ: Дубайда Қазақстан азаматы үш айға сотталды

Дубайда әйел полицейге қырындады деп айыпталған Қазақстан азаматына үш айға бас еркіндігінен айыру жазасы кесілді деп хабарлады дубайлық 7daysindubai.com интернет басылымы.

Агенттіктің дерегінше, сот 49 жастағы қазақстандықты екі мың дирхам (шамамен 550 АҚШ доллары) айыппұл төлеуге міндеттеген.

Бұған дейін ақпарат құралдары өткен жылдың соңында Біріккен Араб Әмірліктерінде Қазақстан азаматына әйел полицейге жанасып, қырындады деп айып тағылғаны туралы хабарлаған.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінен Азаттыққа қазақстандыққа шыққан үкім туралы ақпаратты Дубайдағы консулдықпен бірге тексеріп жатқанын хабарлады.