Ташкенттегі қазақ концерті
Концерт өткен Интернационал мәдениет орталығының алдында жұртты ұлттық киіммен қыздар қарсы алды. Суретте: Зангиоттағы (Ташкент облысы) № 295 қазақ мектебінің оқушылары.
"Қыз Жібек" бишілерінің "Құстар" биі. Топқа Замира Жиенбаева жетекшілік етеді.
Топтың жетекші бишісі әрі хореограф Нигора Норматова.
Сахнадағы қазақ биі.
Өзбек биі.
Зал лық толды. Алматы мен Шымкенттен де қонақтар келді. Ал негізгі көрермендер Ташкент облысының қазақтары болды.
Чиназдан (Ташкент облысы) келген қонақ.
Келушілер арасында жас та, кәрі де бар.
Концертті жүргізген Нигора Жаббарова сахна сыртынан бишілерге қарап тұр.
Бұл кеште сахнаға тек бишілер шыққан жоқ. Қазақтың үйлену тойы туралы қойылымдар да көрсетілді.
Ұзатылған қызға өсиет. Әнді Замира Жиенбаева айтты.
Биші өзбек биіне дайындалып жатыр.
Қазақтың ұлттық костюмін киген қыздар сахнаға шығуға әзірленіп жатыр.
Келушілер мәз-мейрам.
Тағы бір қазақ биі.
Кештің соңғы биі.
Жұрт "Қыз Жібек" бишілер тобының жетекшісі Замира Жиенбаеваға ризашылықтарын білдірді.