Сұраныстың азаюынан Ресей мен Эстония арасындағы теміржолмен жолаушылар қатынасы тоқтады. Эстониялық ақпарат құралдарының хабарлауынша, мұндай жағдай соңғы 65 жылдан бері бірінші рет болып отыр. Эстонияның GoRail теміржол компаниясының өкілі Керсти Горстовтың айтуына қарағанда, соңғы пойыз Мәскеуден Таллинге 19 мамыр күні келіп жеткен.
Еуропа Одағының Мәскеуге салған санкциялары Ресейден Эстонияға қатынайтын жолаушылар санын күрт азайтып жіберген. Санкция салдарынан Таллин-Мәскеу бағыты экономикалық жағынан тиімсіз болып қалған.
Таллин мен Мәскеу арасында жолаушылар тасымалдаумен 1998 жылдан бері айналысып келе жатқан GoRail компаниясы осы айдың басында Эстониядан Санкт-Петербургке де теміржол қатынасы тоқтатылғанын хабарлаған.