Жас отбасы тасқын бұзған үйін жөндегісі келеді
Your browser doesn’t support HTML5
Балалар үйінің бұрынғы түлектері, ерлі-зайыпты Серік Сыздықов пен Светлана Латунова Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Нұра станциясында тұрады. Биылғы тасқыннан жас отбасының үйлері жарамсыз болып қалған. Шаруашылығын қалпына келтіру қамымен жүрген Серік дүние-мүлкін қору үшін уақытша гаражда тұрып жатыр. Светлана жас сәбиімен ауылдың екінші бөлігінде жалға алған бөлмені паналап отыр.