Сепаратистер: Украина қалаларын қайтарып аламыз

Өзін-өзі жариялап алған "Донецк халық республикасының" жетекшісі Александр Захарченко.

Украина шығысындағы ресейшіл сепаратистердің өзін-өзі жариялап алған жетекшісі Александр Захарченко украин әскері бақылауындағы қалаларды қайтарып алатындарын мәлімдеді.

Бүгін сепаратистер қолындағы Донецк қаласында сөйлеген Захарченко сепаратистік күштер өткен жылы өздері қысқа уақыт қана бақылау орнатқан Словаянск, Константиновка және Красноармейск қалаларын қайтарып алатынын айтты.

Ол "Қалаларды саяси жолмен қайтарып алу мүмкін емесін түсіне бастаған сайын ол территорияларды азат ету туралы шешім қабылданбақ" деді.

Өөзін өзін-өзі жариялап алған "Донецк халық республикасының" басшысы әрі премьер-министрі деп атайтын Захарченко бұған дейін сепаратистер Донецк облысының өздері бақыламайтын өзге де аудандарын қайтарып алатынын айтқан.

Украина шығысында үкімет әскері мен сепаратистер арасында қақтығыс басталған 2014 жылдың сәуірінен бері 6 мың 100-ден астам адам мерт болды.