Алматыда бүгін армян киносы күндері аяқталды. Бағдарламада көрермен назарына үш фильм ұсынылды. Олар – кинорежиссер Эдмонд Коесаянның «Ерлер» кинокомедиясы (1972 жылы түсірілген), Нерсес Оганесян мен Гор Саакянның «Механиктің бақыты» комедиясы (1982) және ирактық күрд режиссері Хинер Салейдің «Лимон арағы» (2003) фильмі.
Соңғысын Армения, Франция, Италия және Швейцария кинематографистері бірлесіп Армения тауларындағы күрдтер қоныстанған ауылда түсірген.
Сонымен бірге бағдарламадан тыс көрсетілген қысқа метражды «Ахтамар» фильмінде танымал актер Армен Джигарханян ойнаған.
Армян киносы күндері – енді қалыптасып жатқан Armenian Home Central Asia клубының алғашқы шарасы дейді клубтың негізін қалаушылардың бірі Лусине Шахвердян Азаттыққа.