Киев қыста Еуропаға Ресей газын тасымалдауға қажетті жүйеде қысым болуын қамтамасыз ету үшін өзіндегі жерасты газ сақтау қоймаларына газ құюға келісті деп мәлімдеді Ресей энергетика министрі Александр Новак.
Ресей газының 40 пайызға жуығы Еуропа Одағына Украина арқылы экспортталады. Новактың сөзінше, Брюссельде 2 маусымда өткен Ресей, Украина және Еуропа одағы өкілдері қатысқан келіссөз нәтижесінде Киев газ сақтау қоймаларына газ толтыруға келіскен.
Келіссөзге жақын дереккөзі Reuters агенттігіне енді екі ел министрлері маусымның соңында келісімнің әрекет ету мерзімі, Украинаға сатылатын газ бағасын белгілеу және Украина территориясымен тасымалданатын газ үшін төлемақы жайлы мәселелерді талқылау үшін кездеседі деп жоспарланып отырғанын айтқан.
"Хаттаманың бірнеше бөліміне, оның ішінде қысқа дейін 19 миллиард текше метрден кем емес газ тасымалдауға қатысты келісім жасалды" деген Новак Венада журналистерге. Новак бұған қоса хаттамада Еуропа комиссиясының газ тасымалдау үшін Украинаға қаржылай көмек көрсету жайы да қарастырылғанын айтқан.
Киев әзірге келісімге қатысты ресми түсінік бермеді. Украина билігі бұған дейін Ресей газын Еуропаға тасымалдауды қамтамасыз ету үшін газ қоймасына 14-тен 19 миллиард текше метрге дейін газ құю керек болады.