Ресей мен Египет қарулы күштері өз тарихтарында алғаш рет Жерорта теңізінде бірлескен жаттығулар өткізіп жатыр. «Достық көпірі – 2015» деп аталатын әскери-теңіз жаттығулары маусымның 6-ы мен 14-і аралығында өтеді деп хабарланған.
Сенбі күні Ресейдің Қара теңіздегі флотының бірнеше кемесі Египеттің Александрия портына кірген.
Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, екі мемлекеттің әскери кемелері әуе күштерінің көмегімен теңізде әртүрлі қауіп-қатерден қорғанудың барлық әдіс-тәсілдерін қайталап, қарудан ату жаттығуларын өткізбек.