ИМ тобы Египетте Синай әуежайына шабуылдады

Синай түбегіндегі Египет әскерилері. (Көрнекі сурет).

"Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының Египеттегі қанаты "Синай провинциясы" тобы Синай түбегінде БҰҰ бітімгерлік күштері пайдаланатын әуежайды 9 маусым кешке қарай зымыранмен атқылады. Египет арнайы қызметіндегі дереккөздің ақпаратына қарағанда, оқиғадан құрбан болған ешкім жоқ. "Синай провинциясы" әуежайға шабуылдағанын Twitter-дегі парақшаларында хабарлады.

Египет билігі Синайда орналасқан, "елдегі қауіпсіздік шараларына" наразы исламшыл бүлікшілерден қауіптенеді.

"Синай провинциясы" тобының Twitter-де хабарлауынша, топ шабуылды "египет полициясының жергілікті әйелді тұтқындағанына жауап ретінде" жасағанын мәлімдеген.

Египеттің ең белсенді "Ансар Бәйт әл-Макдис" экстремистік тобы өткен жылы "Ислам мемлекетіне адалдығын білдіріп ант бергеннен кейін атауын "Синай провинциясы" деп өзгерткен. "Синай провинциясы" әскерилер Египеттің исламшыл президенті Мұхаммед Мурсиді биліктен тайдырып, оны қолдайтын "Мұсылман бауырлар" қозғалысын басып-жаныштағаннан кейін негізінен Египет қауіпсіздік күштеріне шабуылдайды.