Қазақстандағы адам құқығы ахуалы БҰҰ-да айтылды

БҰҰ-ның бейбіт жиындар жөніндегі арнайы өкілі Майна Киаи (сол жақта) Жаңаөзенде жүр. Маңғыстау облысы, 24 қаңтар 2015 жыл.

Женевада өтіп жатқан БҰҰ сессиясында ұйымның бейбіт жиындар мен ассоциациялар еркіндігі жөніндегі арнайы өкілі Майна Киаи Қазақстан туралы баяндама жасады.

Майна Киаи 2015 жылы 19-27 қаңтар аралығында Қазақстанға барып, ол елдегі саяси-әлеуметтік жағдаймен танысып қайтқан. Ол азаматтық белсенділермен және билік өкілдерімен, кәсіподақ мүшелерімен кездескен.

БҰҰ өкілінің айтуынша, Қазақстанның саяси партияларға, оның ішінде саяси оппозицияға қатысты қазіргі саясаты өзгеше ойлау мен пікір еркіндігін жоққа шығарады.

Майна Киаи Қазақстанда 2014 жылы маусымда қабылданған кәсіподақтар туралы заң қабылданып, кәсіподақтарға ол заңға сай өзгеріс жасауға бір жыл уақыт берілгенін айтады. Бұл баяндаманы әзірдеу барысында ол заң әлі толық жүзеге асқан жоқ» дейді ол. Қазақстанда жұмыссыз деңгейі төмен екенін, өңірлер арасында тұрмыс айырмашылығы жоғарылығын шешу мәселесі жүзе асып жатқанымен бұл әлеуметтік шиеленісті шешуге жетімсіз. Мұндай жағдайда тәуелсіз кәсіподақтар маңызды роль атқарып, билікке халықпен тіл табысуға көмектеседі деді ол.

Майна Киаи Астанаға "халық сеніміне қайта ие болу үшін Жаңаөзен оқиғасына тәуелсіз халықаралық тексеру жасау керек" деп кеңес етті.

БҰҰ-ның бейбіт жиындар мен ассоциациялар еркіндігі жөніндегі арнайы өкілі Қазақстан үкіметінің бейбіт жиындар мен шерулер өткізу туралы заңын қайта қарауын сұрады.

Женевада өтіп жатқан БҰҰ сессиясына қатысып отырған Қазақстан өкілі Майна Киаидың баяндамасына алғыс айтып, кейбір ескертулерімен келіспейтінін хабарлады. Қазақстан өкілі кей заңдарды ықшамдап, оларды қолдану амалын оңалту жайлы ұсынысты мақұлдайтындарын мәлімдеді.