Қазақстаннан Сирия мен Ирактағы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы бақылауындағы аймақтарға соғысқа 400 адам кетіп қалған деп мәлімдеді Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев.
18 маусымда Астанада өткен "Орталық Азия ғаламдық геосаяси үрдістерде" деп аталатын конференцияда Ермекбаев "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми деректері бойынша, "Ислам мемлекеті" бақылауындағы сирия-ирак территорияларына 400-ге тарта азаматымыз отбасымен бірге кеткен. Олардың ондағаны ендігі мерт болған" деген.
Ермекбаевтың сөзінше, сарапшылар Орталық Азия елдерінен екі мың адам содырлар қатарына өткен дейді. Хатшы содырлар қатарына өткендердің елге жаппай қайта оралуы аймақ үшін кәдімгідей қауіп тудыратынын айтады.