Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 258 километр қашықтықта қуаттылығы 4,3 магнитудаға жететін жер сілкінісі болды деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-тәжірибелік орталығы.
Жерасты дүмпуі 22 маусым күні Алматы уақыты бойынша сағат 05:40-та тіркелген. Зілзала ошағы Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасында, жердің 20 километр тереңдігінде болған.
Жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы мәлімет жоқ.