Шымкенттегі «Көрме» орталығында шағын және орта кәсіпкерліктің өңірлік форумы өтіп жатыр.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі ұйымдастырған бұл форумға жүзден аса кәсіпкер қатысуда. Кәсіпкерлерге ұлттық қорлармен бірге отызға жуық акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер өз қызметтерін ұсынып жатыр.
Оңтүстік Қазақстан облыстық индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Бауыржан Омарбековтың айтуынша, форумда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау шаралары туралы сөз қозғалып, кәсіпкерліктің дамуына қатысты сұрақтарға жауап беріледі.
«Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризм саласын дамытуды қолға алып отырмыз. Бұл жерде бие сүті саумалмен емдеу орталықтарын облыстың әр қала, ауданынан ашу жоспарда бар. Қазірдің өзінде бұл бастаманы қолға алып, жұмысын жүргізіп отырған кәсіпкерлер бар. Бірақ, пилоттық жоба ретінде әр ауданнан бір орталық ашу қажет. Бүгінгі форумда кәсіпкерлерге осы ұсыныс та жасалмақ» - дейді Бауыржан Омарбеков.