НАТО елдері альянстың жедел әрекет ету күштері саны мен мүмкіндіктерін арттыруға келісті. 24 мусымда Брюссельде НАТО елдері қорғаныс министрлерімен кездесудің алғашқы күнінде НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг министрлер жедел әрекет ету күштерінің санын 13 мыңнан 40 мыңға дейін көбейтуге шешім қабылдағанын мәлімдеді.
Қорғаныс министрлерінің келіскеніндей, жедел әрекет ету күштеріне енді НАТО-ның әуе, теңіз күштері бөлімдері мен арнайы жасақ бөлімшелері қосылмақ. Министрлер бұған қоса "қорғанысты алдын-ала жоспарлаудың жаңа концепциясын" және "қауіп-қатерге барынша жедел әрі тиімді жауап беру үшін" әскери, саяси мәселелерде НАТО-ның шешім қабылдау процесін жеделдету шараларын бекіткен.
Столтенбергтің сөзіне қарағанда, өзгерістердің көпшілігі Ресейдің Қырымды аннексиялап, Украина шығысындағы сепаратистерді қолдауына және ядролық қару қолдану ықтималдығы туралы әңгіменің көбеюіне байланысты қабылданған.
"НАТО елдері альянс алдында туындаған проблемаларға қатысты шешім қабылдауда бір кісідей әрекет етеді" деген Столтенберг аьянстың қарулану жарысына тағы қатысқысы келмейтінін айтты.