БҰҰ: Беларусьте адам құқықтары нашарлап барады

БҰҰ-ның Беларусь бойынша арнайы өкілі Миклош Харашти.

БҰҰ-ның Беларусь бойынша арнайы өкілі Миклош Хараштидің айтуынша, Беларусьте адам құқықтары жағдайы нашарлап барады. БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесінде соңғы есебін таныстырған Харашти Беларусьте адам құқықтарының, әсіресе адамның азаматтық және саяси еркіндіктері жүйелі түрде бұзылып отырғанын айтты.

Хараштидің сөзінше, биыл азаматтардың ой-еркін білдіру, жиын өткізу құқықтары бұрынғыдан да шектеле түскен. Ол беларусьтіктердің еңбек құқықтарынан айырылып, тәуелсіз кәсіподақтардың қысымға ұшырап отырғанын айтады.

БҰҰ өкілі Минскіні түрмеде отырған барлық саяси бәсекелестерін босатып, түгел ақтауға шақырды.

Өз есебінде Харашти соңғы 20 жыл бойы жалғасып келе жатқан Беларусь азаматтарының құқықтары мен еркіндігінің жүйелі түрде бұзылуын баяндаған.