Сәкен Тулбаевтың үкімі
Your browser doesn’t support HTML5
Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының судьясы Арай Нұғманова бүгін 46 жастағы Алматы тұрғыны Сәкен Тулбаевқа қатысты үкімді жариялады. Тулбаевқа "діни алауыздық қоздырды", Қазақстанда қызметіне тыйым салынған "Таблиғи Жамағат" діни ұйымына мүше болды деген айыптар тағылған. Сотталушы 4 жыл 8 айға түрмеге кесілді. Судья оған «үш жыл бойы діни қызметпен айналысуға тыйым салынғанын» мәлімдеді.