Украинадағы мейрам

Мерекелік шаралардың бірі Киев шетіндегі Украинаның халық архитектурасы және тұрмысы музейінде өтті. Жұрт далада орналасқан бұл мұражайды орналасқан село атымен «Пирогово музейі» атап кеткен. Пирогово селосы 17-ғасырда пайда болған.  

Бұл күні қыздар дәстүр бойынша сыпыртқы тоқып, тал сәндейді. Жұрт өзен жағасына от жағып, суға түседі. Ырым бойынша, солайша олар жындарды қуады.  

7 шілдеге ауған түннің өзінше ғұрпы бар. 6 шілде күні ымырт жабыла "шомылу түні" басталады.  

Иван Купала мерекесі - көне замандардан бері славяндар үшін Күн мейрамы. Жаздың келгенін және шөп шабу науқаны басталғанын халық осылай атап өткен.  

Бұл күні халық жаппай ән салады.  

Тарихшылардың болжауынша, бұл мереке мәжусилік және христиандық дәстүрлерді ұштастырған.  

Иван Купала мерекесі ырым мен ғұрыптарға толы және өте көңілді өтеді.  

Мерекеге жұрт ұлттық киіммен келеді.  

Халық арасында емдік шөптерді осы түні жинаған пайдалы деген сенім бар.  

Днепропетровскідегі Иван Купала мерекесі. Аңыз бойынша, бұл түні ұйықтауға болмайды, жындар құтырады. Осы түнді жезтырнақтар да тойлайды.  

Днепропетровскідегі мейрамға арнайы жасанып келген адам.  

Ырым бойынша, бұл күні көп шомылған адамның жаны да соғұрлым тазара түседі.  

Иван Купала түні махаббат мерекесі саналады. 

Бұл мерекеде ән айтылып, жұрт жаппай билейді.  

Кешкісін от жағады, жұрт бұл от адам жанын тазартады деп сенеді.  

Пироговодағы тойға жас баладан бастап, қарияларға дейін келді.  

Оттан секіру. Кім қаншалықты биік секіреді, соның бақыты да соншалық мол болмақ.