Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді

Көрнекі сурет

7 шілде күні сағат 13:13-те Алматыдан шығысқа қарай 66 километр қашықтықта қуаттылығы 4,9 магнитуданы құрайтын жер сілкінісі болды деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-тәжірибелік орталығы.

Зілзала ошағы Қазақстан аумағында, жердің 10 километр тереңдігінде болған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10,2.

Зардап шеккендер мен қираған ғимарат туралы ақпарат жоқ.