Бүгін Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди Астанаға сапармен келді.
Нарендра Модиді әуежайдан Қазақстан жағынан премьер-министр Кәрім Мәсімов, энергетика министрі Владимир Школьник пен сыртқы істер министрінің орынбасары Асқар Мусинов күтіп алды.
Үндістан премьер-министрі сапары кезінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, бизнес-форумға қатысады және Назарбаев университетінде лекция оқиды.